23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысының облысының әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жұмыс сапары барысында Алакөл жағалауында болып, туристік инфрақұрылымдардың жағдайымен танысты. Аймақ басшысына Алакөлдегі өзекті мәселелер баяндалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен Мақаншы ауданының әкімі облыс басшысына Алакөл жағалауында жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларды таныстырып, өзекті мәселелер туралы баяндады. Оның мәліметінше, қазіргі таңда көл жағалауында жалғыз ғана Арбат бар. Алайда ондағы шағын сәулеттік пішіндер, шатырлар мен орындықтардың тозығы жеткен. Сондықтан көл жағалауында тағы бір Арбат салу қажеттігі туындап отыр. Аудан әкімдігі жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген. Арбат салынатын орын да анықталған. Облыс әкімі нысан бой көтеретін жерді көріп, жобаны қолдап, жұмысты жазғытұрым бастауды тапсырды.
Алакөлдегі өзекті мәселелердің бірі - электр энергиясының тапшылығы. Қатты қалдықтар полигонын салу да күн тәртібінде тұр. Жағалауда дәретханалар жетіспейді. Балалар ойнайтын алаңдар, спорттық нысандар аз.
Алакөлдің мәселелерімен жіті танысқан аймақ басшысы аудан әкіміне жобалар бойынша тиісті ұсыныс беруді тапсырды.
Отандық туризмді дамыту туралы Президент үнемі айтып келеді. Өңірде туризмді өркендету үшін Туризм басқармасын құрамыз. Алдағы облыстық мәслихат сессиясында осы мәселені қараймыз. Облыстың інжу-маржаны саналатын Алакөлдің туристік әлеуеті өте зор. Жағалаудың инфрақұрылымын жаңғыртуды кешенді түрде қолға алуымыз керек. Облыс тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз,-деді Берік Уәли.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады