Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Мұны Алғыс айту күніне орай, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен ең танымал «Көкшевидеограмм» паблигі ұйымдастырған интернет байқау тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқаудың географиясы кең. Оған Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтарынан, Семей мен Астана қаласынан, Польша Республикасынан қатысушылардың бас-аяғы 21 жұмысы ұсынылды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов құттықтау сөзінде Алғыс айту күні – бұл еліміздің барша азаматының бір-біріне құрмет көрсетудің тағы бір мүмкіндігі, ортақ тарихымызды қадірлеп құрметтеу күні, өзара жәрдем, қолдау көрсету мен ықылас таныту күні екенін атап өтті. Бұны байқау жұмыстарында жүректен шығып, естілген сөздер де нақтылайды. Қуантарлық бір жәйт. Байқауға қатысушылар - 4 жасар Еркеназ Сәбит және 8 жасар Дарья Шигринаға ынталандыру сыйлығы берілді.
Барлық қатысушы диплом мен естелік сыйлық алды. Әлішер Нұркенов пен Ақмаржан Ауғанбек смартфон иегерлері атанды. Ал, басты сыйлық – үй кинотеатры Ілияс Нұғымановқа бұйырды.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай