Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСауд Арабиясындағы «Эр-Рияд» стадионында «Әл-Наср» мен американдық «Интер Майами» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матч алдында ойынға португалиялық Криштиану Роналдудың қатыспайтыны белгілі болды. Ал аргентиналық Лионель Месси алаңға тек 83-минутта шықты.
Негізгі құрам:
«Әл-Наср»: Оспина, Аль-Амри, Лапорт, Теллес, Аль-Элевай, Аль-Бушал, Аль-Сулайхим, Брозович, Талиска, Отавио, Маран;
«Интер Майами»: Коллендер, Авилес, Кривцов, Аллен, Альба, Грессель, Грегоре, Бускетс, Руис, Суарес, Кампана.
Бастапқы 12 минутта-ақ алаң иелері қарсылас қақпасына үш гол соғып үлгерді: Отавио, Андерсон Талиска мен Эмерик Лапорт көзге түсті.
Екінші таймның басында Талиска тағы бір рет мергендік танытса, Мохаммед Маран есепті ұлғайтты. Осыдан соң Талиска хет-трик авторы атанды.
Осылайша «Әл-Наср» 6:0 есебімен жеңді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары