6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЯмайкадағы Фолмут қаласында 16 жастағы жасөспірім ақ акуланың құрбаны болды. Бұл туралы Jamaica Observer-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, жыртқыш жас жігіттің басын жұлып алып, денесін де тілім-тілім еткен.
Қайтыс болған жасөспірімнің әкесінің айтуынша, ұлы дүйсенбі күні су астында балық аулауға кеткен.
«Бармайсың» деген сөзімізді тыңдаған жоқ. Содан үйге оралмады, - деді ұлынан айырылған әке.
Келесі күні оны іздеуге жергілікті балықшылар мен дайверлер аттанған. Олар оқушының денесін тапқан, алайда денеде бас пен сол қол болмаған.
Жақындау жерден үлкен ақ акуланы көрдік. Аттық, бірақ тигізе алмадық, ол кетіп қалды, - деді іздеу операциясына қатысқан балықшылардың бірі.
Жергілікті тұрғындар акулалардың адамдарға шабуылы соңғы жылдары жиілеп кеткенін айтады. Енді олар жыртқыш балықты тауып, оны өлтіруді көздеп отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі