23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?24 жастағы ресейлік актриса Камилла Беляцкая Таиландтағы Самуи аралында суға батып кетті. Йогамен айналысып жатқан актрисаны теңіз толқыны шайып кеткен. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бойжеткен бірнеше күннен соң өтетін үйлену тойына дайындалып жүрген.
Камилла Самуиге болашақ жарымен бірге барып, тойды сол аралда өткізуді жоспарланған. Жұп тіпті той алдындағы фотосессияны да жасап үлгерген.
Ал қайғылы оқиға болатын күні Камилла Lad Ko Viewpoint алаңына барған. Бұл актрисаның сүйікті орны екен. Көлігінен йогаға арналған кілемшесін алып, толқындардың жанында жаттығып жатқан. Кенеттен алып толқын бойжеткенді суға алып кетті. Бұл сәт видеоға да түсіп қалыпты. Кадрдан оның жартастардың үстінде айналасына қарап отырғанын көруге болады.
Құтқарушылар оқиға орнына 15 минуттан соң жеткенімен, оны таба алмаған. Судан бойжеткеннің кілемшесі ғана анықталды.
Іздеу жұмыстары күні бойы жалғасып, түнде ғана тоқтатылған. Екінші күні қайта жалғасқан. Алайда актрисаның денесі араға екі күн салып қана табылды.
Куәгерлер оны құтқармақ та болыпты, тіпті солардың бірі суға секірген, әзірге оның тағдыры белгісіз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік