Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАктөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта қайтыс болған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видеода әйел ұлының үстіміздегі жылдың сәуір айында әскер қатарына алынғанын айтты.
Менің ұлым сәуірден бері Актөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін. Сондай-ақ, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - көгерген, ұрған іздер жоқ, - деді сарбаздың анасы.
Бұған дейін Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болғаны туралы жазған едік.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?