Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

19 Желтоқсан 2023, 09:13 3089

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің, - деп жазды актер.

Сонымен қатар, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жұбайы Айгүл Иманбаева да көңіл айтты.

Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен, - деп жазды әнші.

Айта кетейік, актер биыл бесінші рет ауруханаға жатып, емделіп жатқанын  айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: