Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 46 турнирі аясында танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов (1:0) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz сілтеме жасап.
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Төлеповтің қарсыласы жеңіліп көрмеген әзербайжандық файтер Намик Агабалаев (2-0) болды.
Бірінші раундта Төлепов партерде қарсыласының басын тіземен тепкені үшін бір ұпайынан қағылды. Бірақ раундта қазақстандық басым болды.
Екінші раундта екі файтер де шабуылдады, бірақ Төлепов белсендірек болды.
Ал үшінші бесминуттықта әзербайжандық файтер «гильотин» жасай алмады. Үш раундтың қорытындысы бойынша Асылхан Төлепов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Төлепов «Рэкетир 2», «Финансист», «Жаужүрек мың бала» секілді фильмдермен танылған.
Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.
Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары