Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында жұмысын бастаған Акселератордың «SDG IMPACT REPORT 2024» жария есебі көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – Сенаттың жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен бастамасы. Жоба аясында заңнаманы жетілдіру және өңірлерді орнықты дамыту жөніндегі практикалық шешімдер мен ұсыныстар топтамасы қарастырылды. Сараптамалық зерттеулерді талқылауға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерінің басшылары және зерттеу институттарының сарапшылары қатысты.
Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Сенаттың қоғамдық жобалық кеңсесі мен Maqsut Narikbayev University бірлесіп іске асырған Акселератор бірегей бастама екенін және ол елдің орнықты дамуына қатысты жаңа идеялар мен нақты ұсыныстар әзірлеуді көздейтінін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстарға Мемлекет басшысы да баса мән беріп отыр.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шілденің аяғында Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті. Аталған құжатта айқындалған тәсілдер негізінен ұлттық және өңірлік деңгейде Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуге арналған. Бұл ретте Акселератор орнықты даму мақсаттарына түрлі бағытта қол жеткізудің тиімді тетігі екенін атап өткен жөн, – деді палата спикері.
Көпшілікке таныстырылған «SDG IMPACT REPORT 2024» жария есебі Акселератордың 100 күнге жалғасқан жұмысының нақты нәтижесі. Есепте заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар және Ақмола облысында іске асырылған пилоттық жобалар мен бастамалар жөнінде жобалық құжаттама қамтылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?