23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету, олардың ашықтығын арттыру және кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту жоспарланып отыр. Осы мақсатта жасанды интеллект енгізіліп, бірқатар үдеріс автоматтандырылады. Сондай-ақ отандық өндірушілерге қажетті сынақ зертханалары анықталмақ.
Бұл мәселелер 25 қарашада аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңесте талқыланды. Жиында бизнес өкілдерімен өзара байланысты нығайтуға және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Айдар Әбілдабековтің айтуынша, елімізде отандық кәсіпорындардың сынақ зертханаларына деген қажеттілігін анықтау жұмыстары басталды.
Мамандар қазақстандық өндірушілерге қандай сынақ түрлері қолжетімсіз екенін және қандай зерттеулерді жүргізу үшін шетелдік зертханаларға жүгінуге мәжбүр болатынын анықтайды. Талдау нәтижесінде Қазақстанның сынақ зертханаларына қажеттілік картасы әзірленеді.
Сонымен қатар орталық аккредиттеу рәсімдерінің ашықтығын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Қашықтан бағалау тетігі енгізіліп, жабдықтарды сәйкестендіру, бағалау барысын фото және бейнежазбаға тіркеу жұмыстары қолға алынған. Бағалау кезінде бейнетіркегіштерді ерікті түрде пайдалану бойынша аккредиттеу субъектілерімен 30 келісім жасалған.
Өтініштерді жедел қарау және кәсіпкерлермен кері байланыс орнату мақсатында арнайы Telegram-бот іске қосылды. Алдағы уақытта аккредиттеу субъектілері арасында апта сайын сауалнама жүргізу, сондай-ақ рәсімдерді оңтайландыру және автоматтандыру үшін жасанды интеллектіні пайдалану жоспарланып отыр.
Ұлттық аккредиттеу орталығы алдағы жұмыстың үш басым бағытын айқындады:
аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру;
бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған қызмет көрсету моделіне көшу;
сарапшы-аудиторлар мен бағалау мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.
Бұл жұмыстарға кәсіпкерлер мен кәсіби қауымдастық өкілдері де тартылады. Осы мақсатта Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Жаңа тәсілдерді тек орталық ішінде әзірлеумен шектелмеуіміз керек. Оларды қалыптастыруға аккредиттеу субъектілерін, зертханаларды, сәйкестікті бағалау органдарын және бизнес өкілдерін тарту қажет», – деді Айдар Әбілдабеков.
Сала мамандары мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін келесі кеңесті Алматы қаласында ұйымдастыру жоспарланып отыр. Кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер аккредиттеу жүйесін жетілдіру және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру кезінде ескерілетін болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік