Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Мұрат Әбенов отырыста жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасында барлығы айқын көрсетілмегенін тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат 2009 жылы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын басқарғандығын айтып, бұл жерде шешілмей қалып тұрған күрделі мәселе барына баса назар аударды.
Біз унитарлы мемлекетпіз. Президенттің және атқарушы биліктің басынан аяғына дейін мемлекет саясат жүргізуі тиіс. Кеңесті күшейткелі отырмыз. Кеңес ол әр елді мекеннің ерекшелігі. Бұл жерде кеңесті сайлап қойып, ертең әкімнің жұмысы соның ішінде, мемлекеттен түсетін қаржыны бақылауды тікелей кеңес жұмысына тапсырғалы отырсыздар. Заңда екеуінің қарым-қатынастары анық емес, - деді Мұрат Әбенов.
Депутаттың айтуынша, ол екі түрлі билік тұр. Әкім - атқарушы билік, оның деңгейін түсірмеуіміз керек. Мынау - өкілетті билік. Барлығы заңда айқын көрсетілмеген.
Бірінші мақсат қаржы, оны бөлу туралы емес. Ең дау-дамай кеңесті сайлаудан басталады. Әкім мен кеңес төрағасының арасындағы қарым-қатынас дұрыс жазылмаған. Айқай-шудың көкесі сонда болады», – дейді мәжілісмен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары