15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҮкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жазда құрғақшылық болатынын, осыған байланысты өртті ерте анықтауға басты назар аударылып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, кейбір әкімдіктерге өрт қауіптілігі кезеңінің дайындығын тиісті деңгейде жүргізбеуіне байланысты 700-ден астам ескерту берілген.
Мобильді топтар күнделікті рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Нәтижесінде 475 бұзушылық анықталды. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жазда құрғақшылық болады, шөп қалың өседі. Осыған байланысты жоғары өрт қауіп-қатері сақталады. Қазіргі уақытта министрлік командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. Былтырғыдай өрт ошақтарының алдын алуға, өртті ерте анықтауға басты назар аударылып отыр, – деді Кеген Тұрсынбаев.
Сондай-ақ ведомство басшысы Павлодар облысы мен Абай облысындағы екі ірі орман өртін сөндіруге министрліктің күштері мен құралдарын жөнелту жүзеге асырылып, оларды уақтылы жою мүмкіндігі берілгенін айтты.
Елде барлығы төрт жүзге жуық өрт сөндіру бекеті жыл бойына жұмыс істейді. Олардың құрылуын жергілікті атқарушы органдар жалғастыруы қажет. Министрлік оларға 185 бірлік өрт сөндіру техникасын беруге дайын, – деді төтенше жағдайлар вице-министрі.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады