Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Бюджет кодексіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент жаңа Бюджет кодексіне қол қойды. Не өзгереді? Бұл құжат – ел үшін маңызды заңдардың бірі, себебі мемлекеттік қаржының қаншалықты тиімді жұмсалатынын тікелей анықтайды. Кодексті талқылау оңай болған жоқ. Ол сынға алынды, көптеген өзгерістер ұсынылды, пікірталастар өтті. Нәтижесінде кейбір ұсыныстар қабылданды, кейбірі өтпей қалды. Бірақ бұл да қалыпты жағдай, өйткені саясат – мүмкіндіктерді пайдалану өнері. Өз тарапымнан 70-ке жуық түзету енгіздім, оның 30-ға жуығы қабылданды. Бұл – әріптестермен, сарапшылармен, қоғам өкілдерімен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Түзетулер жергілікті және орталық деңгейдегі тәжірибемізге негізделді, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Бюджет жүйесінде қандай өзгерістер болады?
Бюджеттік процестің ашықтығы
Мақсатты трансферттерді қатаң бақылау
Қаржыландырудың кепілдендірілген көлемі
Бюджетті тиімді пайдалану
Нақты мақсаттар мен көрсеткіштер
Бюджет қаржысының қозғалысын бақылау
Мемлекеттік қарызға қатаң бақылау
Өңірлерде ғылымды қолдау
Бюджетті нақтылау механизмін өзгерту
Барлық бюджет түзетулерінің ашықтығы
Мемлекеттік қарызды бақылау
Бұл – тек біздің бастамамызбен енгізілген өзгерістер ғана. Бұдан бөлек, әріптестер ұсынған өте маңызды жаңалықтар көп. Жұмыс тобы ауқымды еңбек атқарды. Қабылданған шешімдер бюджетті ашық, икемді және тиімді етуі тиіс. Бірақ ең маңыздысы – осы нормалардың тек қағаз жүзінде қалмай, елдің дамуына нақты үлес қосуы, - деп түйіндеді депутат.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары