28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.
52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.
Қазақстан президентіне орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын! - Мұса Әбдірайым.
Айта кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Одан кейін Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?