Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелі он жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, видео жариялады. Осы мәлімдемеден кейін облыстық әкімдік қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің үндеуіне қатысты ақпарат: бұған дейін А. Умебкалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбеген. Белгілі болып отырған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс биыл ақпан айында сотқа тапсырылғанын хабарлады.
Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша қозғалған. Келесі сот отырысы 29 мамырға жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласының тұрғыны Ақмарат Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтен зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады. Бұрынғы жұбайы оны он жыл бойы ұрып келген, ал бір жыл бұрын балаларын заңсыз тартып алған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді