Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңлілер полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, 28 мамыр күні 2001 жылғы және 2003 жылғы екі қыздың өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.
Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында жәбірленушілердің әкесі – 57 жастағы күдікті анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыстар жасалған мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды, - делінген мәліметте.
Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары