Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖаңа жыл қарсаңында әкесі бақилық болған белгілі әнші Ернар Айдар жазба жариялап, оқырмандарының аяушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ассалаумағалайкум баршаңызға! Өткен жыл 2024. 12. 26. бейсенбі күні асқар тауым әкешім өмірден өтіп, ертесіне 2024. 12. 27. қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылды. Бүгін міне 2025. 01. 03. қасиетті жұма бір апта зу ете өтешықты әлі сене алар емеспін. Ақиқатында, біз Алланікіміз һәм асылында, біз Оған қайтамыз. Бірақ қимастық сезім өзекті өртейді екен. Әкеме Алладан рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың Оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат тілеймін, жатқан жеріңіз жайлы болып, жаратқан алла жұмақтың төрінен орын берсін. Әр жылы әулетімізбен 1- қаңтар Анашымды туған күнімен құттықтап, қара шаңыраққа жиналып Асқар тау Әкеміздің ақ батасын алып арқа-жарқа болушы едік. Анашым, Алладан тілерім деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Біздің бақытымызға сіз аман болыңыз. Баршаңызға амандық тілеймін. Қасиетті жұма мүбәрәк болсын, - деп жазды әнші әлеуметік желіде.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар