12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚарағанды облысында 15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
15 наурыз күні полицияға арыз түсті, содан кейін қылмыстық іс дереу қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде, олардың мақсаты – оқиғаның барлық мән-жайын анықтау. Жәбірленушіге психологтар көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Бұған дейін қоғам белсенділері 15 жастағы қызды өгей әкесі күштеп 38 жастағы ер адамға тұрмысқа бергенін мәлімдеген еді. Ақпаратқа сәйкес, бес күн бойы зорлық көрген қыз туған әкесіне қашып барып, полицияға арыз жазған.
Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың анықталып, жауап алынғанын хабарлады. Тергеу жалғасуда.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер