6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылордада академик Асқар Жұмаділдаевқа жерлестері атынан су жаңа автокөлік кілті табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жыл қорытындысына арналған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Асқар Жұмаділдаевқа сыр жұртшылығы атынан автокөлік мінгізді.
Академик жерлестері көрсеткен құрметке ризашылығын білдіріп, жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күні қарсаңында отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа берілген болатын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт мақтанышына айналған тұлғаның ерен еңбегін жоғары бағалады. Сыр топырағынан түлеген академик, математик, ғалымның осындай жоғары марапатқа ие болуы жерлестерін де қуанышқа бөледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі