30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан әуе компаниялары Airbus ұшақтарының бағдарламалық жасақтамасын жаңартуды 29 қарашада аяқтайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
29 қараша таңертеңгі жағдай бойынша Air Astana компаниясының инженерлік қызметі EASA шығарған шұғыл ұшуға жарамдылық директивасына сәйкес 18 Air Astana және FlyArystan ұшақтарындағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды сәтті аяқтады.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту 2025 жылдың 29 қарашасына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта Air Astana және FlyArystan тобында 38 Airbus ұшағы ұшып жүр. Оның бесеуіне жаңарту қажет емес. Үшеуі Ақтауда, төртеуі Астанада және алтауы Алматыда орындалады. Жоспарлы немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан ұшақтар үшін бұл директива тиісті техникалық қызмет көрсету аяқталғанға дейін орындалады деп жоспарлануда.
Астана және Алматы халықаралық әуежайлары қазіргі уақытта қалыпты жұмыс істеп тұр, рейстер жалғасуда. Жолаушыларға әуе компанияларының веб-сайттарында рейстерінің ағымдағы мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды