30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыAir Astana жолаушылар ұшағына найзағай түсіп, рейс кейінге қалдырылған, деп хабарлайды El.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 тамызда "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы рейс кешкі сағат 19:45-те ұшып кетуге дайындалған. Сол кезде ұшаққа найзағай түскен.
Оған қоса, далада шаңды дауыл көтерілді. Осыған байланысты рейс 7 сағат 15 минут шегерілді. Осы уақыттың ішінде бортты ауыстыру жайлы шешім қабылданды.
– Төтенше жағдайға байланысты әуе кемесі резервте тұрған бортқа ауыстырылды. Бұған дейін онымен FlyArystan КС 7058 "Алматы - Нұр-Султан - Алматы" бағытында жолаушылар тасымалдаған. Негізі, рейстің өзі 3 сағат 45 минутқа кейінге шегерілді. Бірақ Алматыдағы шаңды дауылдың салдарынан ол уақыт ұзартылды. Оған қоса, Нұр-Сұлтан әуежайы жабылды. Әуе кемесін жеткізуге де уақыт кетті. Осылайша, КС 855 рейсінің кешігу уақыты 7 сағат 15 минутты құрады, - делінген ресми хабарламада.
Рейсті күтіп қалған жолаушыларға тамақ пен сусын таратылды. Ал бизнес-класпен ұшқандарға 100 доллардың ваучеры берілді. Кейбір жолаушылар басқа рейстерге мінгізілді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды