7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичис ханыммен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство дерегінше, кездесуде балалар мен жастардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары сөз болды.
Әңгіме барысында 20 жылдан астам уақытқа созылған серіктестіктің нәтижелері, соның ішінде жастар ресурстық орталықтарының дамуына және балалардың мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатты ілгерілетуге қосқан ЮНИСЕФ-тің үлесі атап өтілді.
Министр елімізде отбасын қолдау орталықтарын дамытуға көрсетілген әдістемелік және сараптамалық көмек үшін ЮНИСЕФ-ке алғыс білдірді.
Аталған орталықтардың санын 200-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ ерте жастағы балалардың дамуы мен ата-аналық жауапкершілікті нығайту мәселелері талқыланды. Бұл бағытта «Ата-аналар айлығы» аясындағы іс-шаралар мен тиісті мемлекеттік органдарды біріктіретін жұмыс тобының құрылуы маңызды қадам ретінде атап өтілді.
Кездесу қорытындысында тараптар әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Атап айтқанда, балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу, волонтерлікті дамыту және басқа да бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жалғасын табатын болды.
Сондай-ақ министр балалар құқығын қорғауға арналған түрлі іс-шараларды қамтитын ЮНИСЕФ апталығын өткізуді қарастыруды ұсынды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?