Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы А.Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай қызметі «қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін» қалыптастыруға, билік пен азаматтардың өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.
Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуы» қажеттігін атады
Қоғамда отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс.
Осылайша біз жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу, Ұлттық бірегейлікті нығайту, жаңа құндылықтарды орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасауымыз қажет.
Елімізде белсенді сарапшылардың Ұлттық құрылтай құрамына енуі қоғамның еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтті және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік жасады.
Кездесуде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы А.Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, елдің бірлігі мен тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтарды ілгерілету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ А.Балаева Мемлекет басшысының Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында мәдени мұраны сақтау және зерделеу, елдің өзіндік ерекшелігін көрсететін және ұлттық мүдделерге сәйкес келетін кітаптардың шығарылымын ұлғайту мәселелері бойынша ақпарат берді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?