Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда 2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, аталған апталықтың мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ жұқпасының таралуының алдын алу.
Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев репродуктивті денсаулық мәселесіне айрықша мән беріп, отбасы институтын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық қатынасқа ерте түсу салдарлары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы және АИТВ жұқтырған жаңа жағдайлардың көбеюінің алдын алу мақсатында 2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Бұл бастаманың негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия. Бүгінде бұл мәселелерді ашық, ғылыми негізде және кәсіби деңгейде талқылау бұрынғыдан да маңызды. Өткен жылғы тәжірибе бұл бастаманың қоғам үшін өзекті әрі қажетті екенін көрсетті. Сондықтан біз апталықты жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық, - деп жазды министр.
Кәсіби қауымдастықтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық пікір көшбасшыларын ақпараттық науқанды қолдауға шақырамыз. Болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін апталық шеңберінде өтетін іс-шараларды кеңінен жариялап, шынайы әрі пайдалы ақпаратты таратайық! Апта аясында еліміздің барлық өңіріндегі жастар денсаулық орталықтарында және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер, тренингтер, интерактивті сессиялар мен мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда елімізде 10–29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық және профилактикалық көмек, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлерден кеңес алуға мүмкіндік беретін 103 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Денсаулық – хабардарлықтан басталады. Келіңіздер, репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа бірге айналдырайық!, - деп жазды Аида Балаева.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді