Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті достар!
Баршаңызды шын жүретен әлем мұсылмандарының қасиетті мейрамы – Құрбан айт мерекесімпн құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам мейірімділікті, жомарттықты және бірлікті білдіреді, халқымыздың маңызды рухани және мәдени дәстүрлерін айшықтайды.
Құрбан айт мейрамының дәстүрінде – игі істерді жасау, мұқтаж жандарға көмек көрсету, азап шегушілерге қайырымдылық көрсету, адамгершілік қадір-қасиетке құрмет көрсету бар.
Мемлекет басшысы елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ерекше назар аударады.
Құрбан айт – Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін мейрамдардың бірі.
Біз бәріміз – біртұтас елдің азаматтарымыз және тек төзімділік пен әр этностың мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрмет көрсету әрқайсымыздың дамуына, әр үйдегі бейбітшілікке, демек, мемлекетіміздің берекесі мен өркендеуіне кепілдік береді.
Бұл күн сіздерге қуаныш, бақыт және игілік әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік және молшылық тілеймін. Үйлеріңіз махаббат пен келісімге, жүректеріңіз мейірімділік пен нұрға толы болсын.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?