Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұрат Мұхтарұлы еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға еді. Ол Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды. Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазып, жемісті жұмыс істеді.
Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Мұрат Мұхтарұлының өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі жадымызда әрдайым сақталады. Ал оның еңбектері болашақ ұрпаққа мәңгі қызмет ете берері анық. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! – делінген көңіл айтуда.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары