Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыМәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы А.Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында Мемлекет басшысының Жолдауы мен Құрылтайдың ІІ отырысында берген тапсырмалары мен қоғамның өзекті мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, жиынға қатысушылар мемлекет басшысының «Білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту» туралы бастамасына сәйкес ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, мәдениет тұжырымдамасын қабылдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты талқылады.
Сондай-ақ А.Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерін қоғамда халқымыздың дүниетанымына жат нәрселерге қарсы тұру, жастар арасындағы ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту, жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда жастар танымының кең болуы үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.
Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылайтын Ұлттық құрылтай жанынан арнайы жұмыс топтарын құру, Ұлттық құрылтай мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстарын жариялайтын арнайы ақпарат құралын шығару мәселелерін қарастыруды сұрады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді