23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, банк акционері Ғалымжан Есенов 2023 жылдың тамызынан бастап банктің директорлар кеңесін басқарған.
Есенов 2023 жылғы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кіреді (Forbes деректерінде оның байлығы 435 млн доллар деп көрсетілген).
Есеновтің орнын енді Қуат Қожахметов басты. Қожахметов әр жылдары «Цеснабанкте», «Цесна» корпорациясында, Қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту агенттігінде, Ұлттық банктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, Jusan Optima Bank-тің Қырғызстандағы еншілес компаниясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-де басшылық қызметтер атқарған.
Айтпақшы, «Уикипедиядағы» деректерде Есеновтің Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы екені көрсетілген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік