18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің жауапты қызметкерлері экс-генерал Серік Күдебаевтың шекарадан қалай қашып кеткені жөнінде айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Шекара қызметінің басшылары өткізген баспасөз мәслихатында журналистер экс-генерал Күдебаевтың шекарадан қалай өтіп кеткенін сұрады.
“Экс-генералдың қашып кеткенін қалай түсіндіресіздер? Қоршаудың астынан оңай өтіп жүре беруге бола ма?” – деп сұрады журналистер.
Бұл сұраққа жауап берген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Серік Ахметқалиев "Қазақстан жерінің кеңдігінен” деп түсіндірді.
Барлықтарыңыз мәлім, Қазақстан дүние жүзі бойынша аумағы жағынан тоғызыншы орын алады. Шекараның ұзындығы 15 мың шақырымнан асады. Әр таулы, сулы, шөлді аймақтардың бәрінде шекара бөлімшелері қызметтерін атқарады. Барлық жерде шекара сенімді түрде қорғалады. Күдебаевқа келер болсақ, Алматы облысы Кеген ауданының сотының шешімімен Күдебаев мырза қылмыстық кодекстің 392-бабына сәйкес, қылмыстық жазаға тартылды. Шекараны қасақана бұзғаны үшін, - деді ол.
Еске сала кетейік, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға соттады. Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевты Түркияда ұсталды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр