22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАхмет Ясауи университетінің «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институтында көктемнің жаршысы, табиғаттың нәзік сыйы – қызғалдақ гүлдері бүр жарып, көркем келбетімен көз қуанта бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және білім министрлігінің мәліметінше, университет ғалымдары бірнеше жылдан бері жылыжай жағдайында қызғалдақтарды көбейтудің инновациялық технологиясын әзірлеумен айналысып келеді. Бұл зерттеулер 2022-2024 жылдар аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып, «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп, қолданысқа енгізу» ғылыми жобасы аясында гранттық қаржыландыруға ие болды.
Жобаның негізгі мақсаты – қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекциялық жұмыстар үшін бастапқы материалдар жинағын қалыптастыру және Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту, - делінген мәліметте.
Жоба сәтті аяқталса да университет бағында гүлді өсіру жұмыстары жалғасын тауып келеді. Алғашында 3 мың дана қызғалдақ егілген жылыжай көлемі бүгінде айтарлықтай ұлғайып, биыл Голландиядан әкелінген 8 мың дана қызғалдақ пиязшығы отырғызылды. Қазіргі уақытта жылыжайда қызғалдақтың 14 түрлі сұрыптары өсірілуде, олардың қатарында: Ace of Spades, Barcelona Blanca, Bullit, Crème Fraich, Crisco, Jumbo Beauty, Lady Bell, Pink Stone, Rebellious Yellow, San Luiz, Showroom, Strong Gold, Triple A, Strong Love сынды ерекше сорттар бар.
Жылдағы дәстүр бойынша ботаникалық бақта өсірілген қызғалдақтар наурыз айындағы мереке күндері университеттің ардагер ұстаздары мен серіктестеріне сый ретінде ұсынылады. Сонымен қатар гүлдерді коммерцияландыру жұмыстары да қолға алынып, сатылымға шығару жоспарланып отыр.
Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары қызғалдақ өсіру мен зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіре отырып, Қазақстанның гүл шаруашылығын дамытуға үлес қосуды жалғастыра береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев