30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАхмет Байтұрсынұлы кеңестік ғалымдардың қазақ әдебиетін дәуірлеудегі кемсітушіліктермен қатаң күресіп, өз ой-пікірлерін ашық айтып отырды. Бұл туралы «Әдебиет порталының» YouTube арнасына сұхбат берген филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ахаң ауыз әдебиетінен кейін жазу әдебиеті дейді. Ол – дұрыс, бүкіл әлемдік әдебиетте солай сатылы. Бірақ бүкіл әлемді, Еуропаны, Американы байғұс әдебиет деп айтпайды, бізге Орта Азия әдебиетінде фольклор деңгейінде қалған деп үйретті. Ол дегеніңіз жазба әдебиет деңгейіне көтерілмеген деген сөз ғой, - деп атап көрсетеді кеңестік дәуірдегі әдебиеттану мәселесіндегі қыспақ-қысастықтар туралы, профессор Айгүл Ісмақова.
Ал белгілі филолог ғалым Ұлан Еркінбай Ахмет Байтұрсынұлының мол рухани қазынасын игере алмай отырғанымыз туралы пікір білдірді.
Сіз «ұлы әңгіме» деп жазсаңыз, ол әлемге керек емес, олар «роман» деп қолданады. Егер сен өз қазынаңды талдауларыңда ұлы әңгіме деп қолданбасаң, былайша айтқанда өзіңді сыйламасаң, өз мақалаңды сыйламағаның болып есептеледі ғой. Ғылыми айналымда да, журналистикада да, әлеуметтану ғылымдарында да Ахаңнан алатын, қазаққа берген құнды қазынасы тұр. Ал оны қолданбау, елдік бағытымызға, ұлттық ұстанымымызға тікелей қатысты болып тұр, - дейді ғалым Ұлан Еркінбай.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды