Ағзаға қандай өнім пайдалы?

9 Ақпан 2017, 16:13 25697

Дұрыс тамақтану

Біз бұған дейін дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы жазғанбыз. Бүгін адам ағзағасына қажетті пайдалы тағамдар мен күнделікті тұтынатын өнімдердің мөлшері мен калориясын есептеуді үйренейік.

Күнделікті дұрыс тамақтану дегенді диетолог мамандар сіз тұтынатын тағамның 50% көмірсудан, 30% ақуыз, ал 20% пайызы майдан құралуы тиіс деп есептейді. Мәселен, әйел заты күніне 1800 ккалориялық тағам, ал ер адам 2100 ккалория болатын тағам тұтынатын болса ол ең бірінші жұмыс белсенділігіне байланысты болмақ. Сол себепті күнделікті жейтін асыңыздың құрамы ағзаға қажетті дәрумен мен минералды заттарға жеткілікті деңгейде толы болуы тиіс.

Таңғы астың түрлері:

Диетолог мамандар түскі асқа көмірсуға бай өнімдер мен ақуызды тұтынуға кеңес береді.

Ал, кешкі ас ақуызға бай болғаны абзал. Кешкі астың уақыты 19:00-ден кешікпегені дұрыс. Егер сіз спортпен шұғылданатын болсаңыз және жаттығуларыңызды кешкі уақытта жасайтын болсаңыз міндетті түрде спорт залдан кейін ақуызы бар тамақ жеген дұрыс. Мәселен, 2 жұмыртқаның ағы немесе 1 стакан айран, 200 гр тауықтың төс еті.

Ал, таңғы ас пен түскі астың сондай-ақ түскі ас пен кешкі астың арасында жүрек жалғайтын сәтте 20-25 гр жаңғақ, немесе жасунық қосылған (клечатка)1 стакан айран, майлылығы аз ірімшік, алма немесе банан жеген дұрыс.   

Егер сіз дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз келесідей тағамдарды мүлде тұтынбаған абзал:

Таңғы асқа арналған құрғақ қоспалар (мюсли)

Шокалад, кондитерлік өнімдер

Ақ нан, құрамында ашытқы бар өнімдер

Фастфуд, чипсы, кітірлегіш

Табиғи емес шырындар

Газды сусындар

Алкогольды ішімдіктер

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: