Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады26-27 шілде күндері Батыс Қазақстан облысында «Agrofest Batys – 2025» республикалық ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның мақсаты – агроөнеркәсіптік кешендегі өзекті мәселелерді талқылап, заманауи тәжірибе мен технологияларды таныстыру, салааралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Көрмеге еліміздің түрлі өңірлерінен ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары, ірі компаниялар, фермерлер мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Ауыл шаруашылығы техникасы, тыңайтқыш, тұқым, пестицид өнімдері және агросекторға қатысты инновациялық шешімдер ұсынылуда.
Көрме аясында озық агротехнологиялар мен цифрлық шешімдер таныстырылып, стартап жобалар көрсетілуде. Сонымен қатар семинарлар, кәсіби шеберлік сабақтары, тақырыптық пікірталастар мен іскерлік кездесулер өткізіліп жатыр. Agrofest – аграрлық салада білім мен тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң. Іс-шара ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына серпін беріп, жаңа буын мамандары үшін маңызды тәжірибе мектебіне айналуда.
Бұған дейін 1-31 тамыз аралығында елімізде маңызды науқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі өтетіні мәлім болды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары