Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде 22 тамыздан бастап «Ағайындылар» фильмі көрерменге жол тартады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш туынды 15-тен астам әлемдік марапатқа ие болып, тәжірибелі сыншылардың жүрегін жаулап алды. Киножобаны Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен «Golden Man Media» компаниясы шығарды.
Фильм желісі бойынша Ақжол балалар үйінен алыстап, әкесінің тірі екеніне көз жеткізіп, оны іздеуге кіріседі. Көршісі Димашпен бірге күнкөріс қамымен түзу жолдан тайып, қарақшылықпен айналысады. Туысқандарымен аяқасты кездесулердің бірінде Ақжол бауырының барын біледі. Ағасын тапқан Ақжол онымен бірге әкесін іздеуді жалғастырады. Фильм драма жанрында, сюжет желісі екі ағайындының шытырман оқиғасына құралған.
«Ағайындылар» режиссер Дархан Төлегеновтың жарқын дебюті болып отыр. Фильм 2020 жылы Ұлттық кино орталығының қолдауына ие болған. Тұсаукесері 2022 жылы неміс кинофестивалінің Олденбург халықаралық кинофестивалінде өтті. Сол жерде «Кино рухы» сыйлығымен марапатталды. Кино басынан аяғына дейін сапалы сценарийімен және қорытынды эпизодтарымен көрерменнің назарын аударады. Картинада Әлішер Исмаилов, Айбар Салы, Азат Жұмаділ, Жанель Мақажан және Дулыға Ақмолда секілді актерлер ойнайды.
Іріктеу барысында дебютанттарға баса мән бердім, киноға қадам басып жатқан жаңа актерлерге басымдық берілді. Фильм отбасының, жақын жандардың жылулығы маңызды екенін көрсетеді, – деп атап өтті режиссер.
«Ағайындыларды» қазақ киносының өте сирек категориясы – арт-мейнстримге жатқызуға болады.
Айта кетейік, фильм 22 тамыз күні жарыққа шыққаннан кейін еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмек.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары