13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБіз олардың өнерін жақсы көреміз, әндерін тыңдап, шығармашылығын жіті қадағалаймыз. Алайда сахнада жеке-жеке танылған бұл жұлдыздардың бір-біріне ағайынды екенін көпшілік біле бермейді.
Майғазиевтер әулетінен шыққан үш әнші
Қазақ эстрадасының белгілі өкілі, «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің отбасы да өнерден алыс емес. Оның туған інісі Роман Майғазиев те кезінде сахнада өнер көрсетіп, «До-Ма-Жор» тобының құрамында ән айтты.
Ал Ғабит Әбілдаев – Сәкен Майғазиевтің туған жиені. Ол да музыка әлеміне келіп, «Меломен» тобының құрамында өнер көрсетеді. Осылайша бір әулеттің бірнеше өкілі қазақ эстрадасының әр кезеңінде сахнаға шықты.
Төлеповтер: өнердегі ағайынды актерлер
Артур және Асылхан Төлеповтерді де көрермен кино арқылы жақсы таниды. Ағайынды актерлердің шығармашылық жолы экрандағы жобалармен байланысты.
Асылхан Төлепов «Жаужүрек мың бала» фильміндегі рөлі арқылы көпшілікке кеңінен танылды. Артур Төлепов те актерлік бағытта еңбек етіп, түрлі киножобаларға қатысты.
Олардың мысалынан бір отбасындағы ағайындылардың өнердің бір саласын таңдап, әрқайсысы жеке шығармашылық жол қалыптастырғанын көруге болады.
Роза Рымбаеваның ұлдары неге әртүрлі фамилиямен жүр?
Қазақ музыкасының белгілі өкілі Роза Рымбаеваның ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та өнер жолын таңдаған.
Бұл отбасындағы көпшілік назар аударатын ерекшеліктің бірі – ағайынды екі жігіттің тегінің әртүрлі болуы. Әли әкесінің тегін – Оқаповты сақтаса, Мәди анасының тегін – Рымбаевты алған.
Бұл жөнінде Әли Оқапов сұхбаттарының бірінде отбасының тегіне қатысты жағдайды түсіндірген. Оның айтуынша, әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы балаларының болашағына алаңдап, екеуінің де тегін өзіне ауыстырған. Кейін Әли жасөспірім кезінде әкесінің тегін қайта алған.
Екеуі де музыкамен айналысады. Әли Оқапов – әнші, композитор әрі продюсер ретінде танылса, Мәди Рымбаев та орындаушылық бағытта жүр. Ағайындылардың сахнада бірге өнер көрсеткен кездері де бар.
Рано Омарова мен Шоқан Маратұлы
Өнер әлеміндегі бауырлардың барлығы бірдей туыстығын көпшілікке жиі көрсете бермейді. Рано Омарова мен Шоқан Маратұлы да – өнер саласында жүрген туған бауырлар.
Рано Омарова әншілік және актерлік қырымен танылса, Шоқан Маратұлы да музыка саласында еңбек етті. Екі өнерпаздың тағдырында ортақ тұс – өнерге деген қызығушылықтың отбасылық ортадан басталуы.
Дидар мен Ұланғасыр Қамиев: айтыстан әншілікке дейін
Айтыс өнерінде өзіндік орны бар Дидар Қамиевтің інісі Ұланғасыр Қамиев те шығармашылық жолды таңдаған.
Ұланғасыр бала кезінен ағасының өнеріне қызығып, айтыс сахнасына шыққан. Бірнеше жыл айтыспен айналысқаннан кейін әншілікке бет бұрды.
Кейін ол «Қызыл раушан» әнімен тыңдарманға кеңінен танылды. Яғни ағасының шығармашылық жолы інісінің өнерге келуіне әсер еткен мысалдардың бірі деуге болады.
Әділ мен Әшім Ахметов: киноға бірге келген ағайындылар
Ағайынды Әділ және Әшім Ахметовтер қазақ киносының көрерменіне жақсы таныс. Екі бауыр да актерлік мамандықты таңдаған.
Әділ Ахметов «Анаға апарар жол», «Томирис» сияқты фильмдерде түрлі образдарды сомдады. Ал Әшім Ахметов те тарихи және заманауи киножобаларға қатысып жүр.
Әшімнің шығармашылық жолына ағасы Әділдің де ықпалы болған. Бірақ екеуінің туған ағайынды екенін көпшілік біле бермейді.
Әлқожалар: әпке жолын жалғаған іні
Әнші Роза Әлқожа мен оның інісі Әбдіжаппар Әлқожа да қазақ эстрадасында қатар жүрген бауырлар.
Роза Әлқожа – ондаған жылдан бері сахнада жүрген танымал әншілердің бірі. Ал Әбдіжаппар да әпкесінің жолын жалғап, әншілікке келген.
Олардың шығармашылық байланысы сахнамен ғана шектелмейді. Роза інісінің өнерге келуіне қолдау көрсетіп, алғашқы қадамдарында бағыт берген.
Беделхан бауырлар және «Орда» феномені
Қазақ эстрадасының тарихында ағайындылардан құралған музыкалық топтардың ішінде «Орда» тобының орны ерекше.
Есболат, Ерболат және Жанболат Беделхан – туған ағайындылар. Үшеуі де өнер саласында бірге еңбек етіп, кейін «Орда» тобының қалыптасуына үлес қосты.
2000-жылдары «Орда» тобы қазақ эстрадасында өзіндік стилімен танылды. Топ құрамындағы ағайынды Беделхандардың шығармашылығы олардың есімдерін көпшілікке кеңінен танытты.
Баян Алагөзова мен Бағым Мұхитденова
Өнердегі туыстық тек сахнада ән айтумен шектелмейді. Қазақ шоу-бизнесінде шығармашылық жобаларды ұйымдастырып, жаңа есімдерді танытуға үлес қосқан продюсерлер арасында Баян Алагөзова мен Бағым Мұхитденованы да атауға болады.
Екеуі – туған әпке-сіңлі. Баян Алагөзова продюсерлікпен қатар кино және тележобаларға араласса, Бағым Мұхитденова композиторлық және продюсерлік бағытта еңбек етті.
Жолдыбаевалар: сахнадағы апалы-сіңлілілер
Қазақ шоу-бизнесіндегі танымал апалы-сіңлілі өнерпаздардың қатарында Кәмшат және Алтынай Жолдыбаевалар бар.
Кәмшат Жолдыбаева әнші, актриса және биші ретінде танылса, оның сіңлісі Алтынай да шығармашылық бағытты таңдады. Алтынай «JayRun» тобының құрамында өнер көрсетті.
Екі әпке-сіңлі шығармашылықта бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Кәмшаттың сахналық образы мен шығармашылығына қатысты мәселелерде Алтынайдың пікіріне құлақ асатынын да айтқан.
Ербол мен Жандарбек Садырбаев
Қазақ өнеріндегі ағайынды өнерпаздардың қатарында Ербол Садырбаев пен Жандарбек Садырбаевты да атауға болады. Туған ағайындылардың екеуі де шығармашылық жолды таңдап, өнер саласында өз іздерін қалдырған.
Жандарбек Садырбаев көрерменге актер ретінде таныс. Ол отандық телехикаялар мен фильмдерде түрлі рөлдерді сомдаған. Актердің шығармашылық жұмыстарында «Аяулы арман» телехикаясының орны ерекше. 64 бөлімнен тұратын туындыда ол негізгі актерлік құрам қатарында болды.
Ербол Садырбаев та актер. Дегенмен екі өнер иесінің ағайынды екенін көпшілік біле бермейді.
Қайрат Нұртас пен Ақерке Тәжібаева
Қазақ өнеріндегі туыстық байланыстардың тағы бір қызық мысалы – әнші Қайрат Нұртас пен қобызшы Ақерке Тәжібаева. Олар – туған бөле. Ақерке Тәжібаеваның айтуынша, олардың аналары туған әпкелі-сіңлілі. Екеуі бала кезінен жақын араласқан.
Қайрат Нұртас қазақ эстрадасында танымал әнші ретінде танылса, Ақерке Тәжібаева дәстүрлі өнерді, соның ішінде қылқобызды кәсіби деңгейде насихаттап келеді. Ол сұхбаттарының бірінде өзін тек «Қайрат Нұртастың бөлесі» ретінде қабылдамағанын айтып, өзінің өнер жолын Қайраттан бөлек қалыптастырғанын атап өткен.
Жанель мен Мерей Мақажан
Қазақ шоу-бизнесіндегі туыстық байланыстардың бірі – актриса Жанель Мақажан мен Мерей Мақажан. Екеуінің әкесі бір, ал аналары бөлек.
Екеуі де актриса ретінде танылып, отандық фильмдер мен тележобаларда бой көрсетіп жүр.
Асқар мен Аңсар Ілиясов
Қазақ киносының танымал актері Асқар Ілиясовтың інісі Аңсар Ілиясов та актерлік жолды таңдаған. Ағайынды екі актердің шығармашылық бағыты ұқсас болғанымен, әрқайсысы экранда өзіндік образымен танылып келеді.
Аңсар Ілиясов көрерменге әсіресе «SHEKER» веб-сериалындағы Алдик рөлі арқылы танылды. Кейін осы туындының толықметражды нұсқасында да актерлік құрамнан көрінді.
Батыр Байназаров пен Асқар Ахмет
Қазақ эстрадасында ағайынды өнерпаздардың қатарында Батыр Байназаров пен оның інісі Асқар Ахметті де атауға болады.
Батыр Байназаровты көрермен «Rin’Go» тобының негізін қалаушылардың бірі ретінде жақсы біледі. Ол топ құрылғаннан бері сахнада өнер көрсетіп, әншілікпен қатар ән жазу және музыкалық продюсерлік бағытта да өзін сынап келеді.
Ал Батырдың інісі Асқар Ахмет те өнер жолын таңдаған. Ол «Renzo» бойз-бэндінің құрамында өнер көрсетіп, жас буын тыңдармандарға танылды. Осылайша ағасының ізін жалғаған Асқар да музыка әлемінде өз орнын қалыптастырып келеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды