Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Астанада өткен брифингте тілшілер Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан жоғары лауазымға тағайындалуына марқұм ағасы Бердібек Сапарбаевтың ықпалы тиді ме деп сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауалға жауап берген әкім өз еңбегімен келгенін айтты.
Ол кісі маған қалай қолдау көрсете алады? Әкімді кім тағайындайтынын білесіздер ме? Әкімді Президент тағайындайды. Біліміне, еңбегіне қарай депутаттардың келісімімен тағайындалады. Менің биографиямды қарасаңыздар, мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық уақыт қызмет атқарып келе жатырмын. Өз еңбегіммен тағайындалдым деп есептеймін. Кеше мемлекет басшысы облысымызда іссапармен болды. Істеліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мен жұмыстардың бәрін өзім ғана жасап бітіріп жатырмын деп айтпаймын. Президентіміздің, Үкіметіміздің қолдауымен, сол жердегі халықпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс. Дұрыс жұмыс болмаса, оң баға бермейтін еді, - деді ол.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары