Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөркем гимнастикадан Грекияда өткен дәстүрлі 10-шы халықаралық «Афродита кубогы» қазақстандық спортшылар үшін табысты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құраманың мүшелері Эрика Жайлауова — лента жаттығуында алтын, Милана Парфилова — шеңбер жаттығуында алтын,
Айым Мейіржанова — лента жаттығуында күміс жүлдеге ие болды.
Топтық жаттығуларда да жерлестеріміз қарсыластарынан озық шықты. Лента бойынша қазақстандық Эрика Жайлауова (26.550 ұпай) жеңімпаз атанса, Айым Мейіржанова (25.700 ұпай) күміспен күптелді. Ал қола жүлде болгариялық Яница Диниеваға бұйырды (25.200 ұпай). Ал шеңберден отандасымыз Милана Парфилова (26.650 ұпай) топ жарса, эстониялық Анит Вахер (26.600 ұпай) күміс жүлдеге ие болды. Италия өкілі Алис Таглиетти 26.150 ұпаймен үздік үштікке енді.
Доп бойынша италиялық Алис Таглиетти (27.400 ұпай), қазақстандық Эрика Жайлауова (26.700 ұпай) күміс, ал тағы бір италиялық спортшы Изабель Тавано (25.400 ұпай) қола медальға қол жеткізді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары