2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қаржылық мониторинг агенттігі AFM Online 2025 «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚМА мәліметінше, іс-шараның мақсаты — қаржылық және цифрлық қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлерді талқылау.
Форумға 2 мыңнан астам адам қатысты, олардың қатарында мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар, миллиондаған жазылушысы бар блогерлер және қоғам қайраткерлері бар.
Ең бастысы — бұл форум, ең алдымен, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталды, - делінген мәліметте.
Күн тәртібінде: қаржы пирамидаларына қатысудың тәуекелдері, «дроптар» қызметі, интернет-алаяқтық үшін жауапкершілік және алдын алу шаралары талқыланды.
Білім беру бағытындағы баяндамалар интерактивті форматпен қатар жүрді: «Патруль» және «Коптар 667» телехикаяларының актерлері қаржылық алаяқтық туралы скетчтер көрсетті.
Көпшіліктің ерекше қызығушылығын танымал блогерлердің сөздері тудырды — олар алаяқтармен өз басынан өткен нақты оқиғалармен бөлісіп, цифрлық тұзақтарды қалай тануға және болдырмауға болатыны жөнінде құнды кеңестер айтты.
Форум мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.
Қаржылық мониторинг агенттігі форумның барлық серіктестері мен қатысушыларына алғыс білдіреді және осындай іс-шараларды түрлі форматта өткізіп, алдын алу жұмыстарына халықтың барған сайын кең ауқымын тартуды жалғастыру ниетінде.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова