Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылдың 28 қазанында Ақордада өткен іс-шарадан кейін журналистерге берген сұхбатында елдегі алғашқы атом электр станциясы (АЭС) салынатын Үлкен ауылындағы қазіргі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, «Росатом» компаниясы жобалау және іздестіру жұмыстарына кіріскен.
Қазір тереңдігі 30-дан 150 метрге дейінгі 70-тен астам ұңғыма бұрғыланды. Топырақ үлгілері алынды, олар зерттеліп жатыр. Сонымен қатар алдын ала сейсмикалық және картографиялық зерттеулер жүргізілді. Барлық осы деректер техникалық-экономикалық негіздемеге енгізілетін болады, – деді Сәтқалиев.
МАГАТЭ стандарттарына сәйкес, алдын ала зерттеу, инженерлік талдау және жобалау құжаттарын дайындау шамамен 18 айға созылады. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша станцияның нақты орналасу координаттары анықталады. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым мен қызметкерлерге арналған елді мекенді орналастыру мәселелері шешіледі.
Жоба аясында Қазақстанда өндірілетін және шетелден әкелінетін жабдықтардың үлесі нақты айқындалады. Бұл мәліметтердің барлығы жобалық құжаттамаға енгізіледі. Қазір біз «Росатоммен» бірлесіп осы терең дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал АЭС-тің нақты орналасатын орны инженерлік зерттеулердің нәтижесінде белгілі болады, – деп түйіндеді агенттік төрағасы.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары