Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев АЭС құрылысының Балқаш көліне әсері бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрден «Кейбір сарапшылар АЭС құрылысы Балқаш көліне, соның ішінде судың деңгейіне зиянды әсер ететінін айтады. Бұл туралы не ойлайсыз?» деп сұрады.
Жалпы, біз атом электр станциясының технологиясы экологиялық тұрғыдан жоғары болған жағдайда, оның құрылысын қолдаймыз. Қазіргі таңда әлемде ондай технологиялар барын білеміз. Егер де қоғам қолдайтын болса, өзіміздің тиісті құзыретіміз шеңберінде біздің қарауымызға берілетін жобаны жан-жақты қарайтын боламыз. Судың деңгейіне келер болсақ, бұл негізінен су шаруашылығы саласында жүргендерге қатысты мәселе. Бұл ҚХР-мен арадағы трансшекаралық ынтымақтастыққа қатысты. Тиісінше бұл Су және ирригация министрлігінің құзыретіне жатады, - деп жауап берді Ерлан Нысанбаев.
Министрдің сөзінше, мұнда ең соңғы үлгідегі жоғары технологиялардың қолданылғаны маңызды.
Айта кетейік, елімізде АЭС құрылысына қатысты 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары