10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкіметтің баспасөз брифингінде АЭС қызметінің қалдықтарына қатысты Ядролық физика институты бас директоры Саябек Сахиев түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
El.kz тілшісі: «АЭС қызметінің қалдықтарына не болады? Оларды қайта өңдей ме, әлде сақтап қоя ма? Бұл қоршаған ортаға және ауыл тұрғындарының денсаулығына қалай әсер етеді?» деп сұрады.
Аталған сауал бойынша «Ядролық физика институты» бас директоры Саябек Сахиев жауап берді, оның сөзінше, ядролық институтта су-сулы зерттеу реакторлары бар.
Зерттеу реакторлары мен атом электр станциясының талаптары бірдей. Институт базасында зерттеу ядролық реакторы 57 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде үш ұрпақтан астам ғалымдар мен инженерлер ауысты. Бұл уақыт аралығында бір де бір оқыс оқиға тіркелген жоқ. Біз бұл реакторлардың ең қауіпсіз түрі екенін растаймыз, – деді Сахиев.
Сондай-ақ зерттеу ядролық реакторының жанында Алатау шағын ауданы орналасқанын, 80-жылдардың басында онда 4 мыңнан астам адам тұрғанын, қазір шағын ауданның халқы 15 мыңнан асқанын атап өтті.
Бұл жерде қауіпті болатын болса, онда халық жиналмас еді. Екі жыл бұрын біз 50 еріктіге жеке детекторлар тараттық. Бүгінгі күні радиациялық деңгейдің нормадан асып кеткен бір де бір жағдайы тіркелген жоқ, бұл, әрине, реакторлардың радиациялық және экологиялық қауіпсіздігін тағы да дәлелдейді, – деді Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді