7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Саясаттанушы Әділ Сайлаубек Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум алдында болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әділ Сайлаубек елімізде АЭС құрылысын салу мәселесі бойынша халықтың, мемлекеттік ұйымдардың арасында біраз уақыт талқыға түскенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында атом электр стансасына баса назар аударды. АЭС-ке қатысты өтетін референдумның күнін 6 қазанға белгіледі. Бұл мәселе енді референдумда өз шешімін табады деген ойдамын. Халықтың 70 пайызы АЭС салуды қолдайды деген болжам бар, - деді сарапшы.
Саясаттанушы қоғамда «АЭС салу көп уақытты, біраз шығынды талап етеді» деген пікірдің көптеп кездесетінін айтады. Оның сөзінше, біз бұған қарамастан, президент айтқандай, тек алға жылжуымыз керек.
Атом электр стансасын салу бүгінде экономиканың күрт дамуына әсер етті. Сонымен қатар ол экологиялық қарым-қатынастың негізін қалыптастырып, жұмыс күшін тартуға себеп болмақ. АЭС құрылысы еліміздің әлеуетін, экономикалық жағдайын көтереді, - дейді Әділ Сайлаубек.
Сарапшы осы ретте АЭС салудың кері әсерін де атап өтті.
Атом электр стансаларының қандай кері әсерін тигізетінін тек салып біткеннен кейін, жұмыс істеп көрген соң айтуға болатын шығар. Енді табиғи экологиялық жағынан зардап шегуі мүмкін, - деді саясаттанушы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?