23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәжіліс депутаты Никита Шаталов АЭС құрылысына келісім беру бойынша референдумның экзит-пул деректері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың барлығы шамалы айырмашылықпен 70% айналасын көрсетіп отыр. Орталық сайлау комиссиясының қорытынды мәліметі де осы шамада болады деп ойлаймын – сайлаушылардың төрттен үш бөлігі Қазақстанда бейбіт атомды пайдалануға мүмкіндік беру үшін өз дауыстарын берді. Бұл өткен айда Халық штабы өткізген науқанның нәтижесі, - деп жазды Н.Шаталов өзінің Telegram парақшасында.
Оның айтуынша, науқан табысының негізгі факторы – осы уақытта АЭС мәселесінде нақты шешім таба алмаған азаматтарды – сайлаушылардың жалпы санының 20%-дан астамын өздеріне тарта алуында.
Оның ішінде атом энергиясы туралы эмоционалды аргументтер мен мифтерді басшылыққа алған адамдар болды. Энергия көзі туралы да, елдегі инфрақұрылымның жай-күйі туралы да қолжетімді ақпараттың тапшылығы да көрінді.
Алда әлі көп нәрсе бар: дауыс беру нәтижесін санау, оларды бекіту, содан кейін Үкіметтің үлкен құрылыстың барлық параметрлерін анықтау жөніндегі жұмысы. Қазір референдумның өткені маңызды, ал қазақстандықтар конституциялық құрылымның жекелеген мәселелері үшін емес, келешекте өміріне физикалық әсер ететін нақты мәселеде дауыс беру мүмкіндігі мен тәжірибесіне ие болды. Бұл біздің өңірдегі ерекше жағдай, - дейді Мәжіліс депутаты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады