Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Аджай Банга Дүниежүзілік банктің (ДБ) жаңа президенті болып сайланды,
Бұған дейін MasterCard Inc басшысы қызметін атқарып келген Аджай Банга жаңа қызметіне 2 маусымнан бастап кіріседі. Ол бес жылға сайланды.
Енді ол мерзімінен бір жыл бұрын отставкаға кеткен Дэвид Малпасстың орнын басады.
ДБ басшысы лауазымына 63 жастағы Аджай Банганың кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынды.
ДБ директорлар кеңесі Аджай Бангамен ұйымды дамыту және күрделі мәселелерді шешу бағытында бірігіп жұмыс істеуге ниетті, - делінген ұйым таратқан мәліметте.
Дүниежүзілік банк президенті Халықаралық қайта құру және даму банкі директорлар кеңесінің және тағы бірқатар ұйымның басшысы қызметін қатар атқарады.
Еске салайық, 2023 жылдың 15 ақпанында Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс жуық арада қызметінен кетуге ниетті екенін айтқан болатын. Ол бұл лауазымды 2019 жылдан бері атқарып келеді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары