Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтыраудағы Ұлттық құрылтайда құқық қорғаушылар қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, адвокат Айман Омарова сөз алып, зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салып, өрескел дүниелерді көрсетпеу керек екенін мәлім етті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету тұрғысындағы табанды еңбегіңіз үшін өзіңізге алғыс айтқым келеді. Ақиқатында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі, адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзу, ішкі саяси және халықаралық пікірталастардың басты тақырыбына айналды. Парламент қабырғасында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бұл өзгерістер жылдар бойы зорлықтың құрбаны болған әйелдердің көз жасы. Тіпті, аруларды қолдаған қоғамның ұйымшыл жұмысы ғана емес, ең алдымен саяси батыл шешім деймін, – деді адвокат.
Сонымен қатар ол масс-медиадағы зорлық-зомбылықты насихаттау бойынша мәселеге тоқталды. Айтуынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы көптеген резонанстық істерде БАҚ өкілдері ерте қимылдайды.
Ал бұл ақпараттар көп жағдайда жәбірленушілердің психологиялық күйзелуіне алып келеді. Тіпті, кейбіреулер ар-намысты алға тартып, өз-өзіне қол жұмсауға да барады. Осыған байланысты зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салып, өрескел дүниелерді көрсетпеуді сұраймын. Керісінше, біз халықтың пайдасына қабылданатын заңдарды насихаттап, көрермендердің құқықтық сауаттылығын арттыру керекпіз. Сондай ақпараттарды масс-медиада көбейтуіміз қажет, – деді Айман Омарова.
Айта кетейік, бүгін Ұлттық құрылтайдың III отырысы Атырау қаласында Президенттің қатысуымен өтіп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?