22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕр адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Бұл туралы Orda.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде 7-9 мамыр аралығында Іле өзенінің аңғарында өткен Adrenaline Tengri Ultra марафонына қатысқандардың бірі көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды.
Дәрігерлерді ұзақ күттік. Ешкім оларға қоңырау шала алмады. Жігіттердің бірі жүгіріп барып шақырып келді. Сол аралықты 7-10 минуттай өтті. Көмекке өрт сөндірушілер келді, - дейді марафонға қатысушы.
Ал Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтады.
Сондықтан біз түсініктеме бере алмаймыз. Медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды солар түсіндіреді, - деп хабарлады ведомстводан.
Tengri Ultra марафоны – Орталық Азиядағы ең ірі ультрамарафон. Ол 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Tengri Ultra трассалары дала, шатқалдар мен каньондар арқылы өтеді. Әртүрлі қашықтық бар: 15, 35, 50 және 100 шақырым.
Бұл марафонды 7 мамырда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ресми түрде ашқан болатын.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев