23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?24-25 қараша күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирі өтті. Жарысқа 19 елден 250 спортшы қатысты. Аталған бәсекеде он спортшы ел намысын қорғады.
Ұлдар 55 кг, 60 кг, 66 кг, 90 келіден жоғары салмақта бақ сынаса, қыздар 40 кг, 57 кг, 63 кг, 70 келіден жоғары салмақта татамиге шықты. Нәтижесінде, ұлттық құрама дзюдошылары бес медаль жеңіп алды.
Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақты. Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Дзюдоның жаңа дәуірі басталды ма?
Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер жас спортшыларды даярлау жүйесіне өзгеріс әкелетін екі жаңа турнирдің басталатынын жариялаған-ды. Енді жасөспірімдер мен жастар құрлық және әлем чемпионаттарын ғана күтпей, Гран-при сериясында бақ сынай алады. Жаңа жарыстарда спортшыларға ақшалай сыйақы беріліп, халықаралық оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Бұл жас дзюдошылар кәсіби спорттағы ірі турнирлердің атмосферасын ерте сезінуге мүмкіндік береді.
Жаңа жобаның алғашқы жарысы биыл 24-25 қазанда Тәжікстан астанасы Душанбеде өтті. Ходжа Шариф атындағы жастар арасындағы Гран-при турнирі аяқталған соң, 26-28 қазан аралығында дәл осы қалада халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. 21 жасқа дейінгі спортшылар өзара белдесіп, тәжірибе алмасты.
Араға бір ай салып, жаңа Гран-при кезеңі Өзбекстан астанасы Ташкентте жалғасты. 24-25 қарашада 18 жасқа дейінгі дзюдошылар арасында жарыс ұйымдастырылды. Одан кейін жас спортшыларға арналған халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталады.
Бұл екі турнир Халықаралық дзюдо федерациясының әлем бойынша кадеттер мен жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру бастамасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін IJF жыл сайын әр жас санаты бойынша әлем чемпионаттарын өткізіп, ұлттық және құрлықтық деңгейде дзюдоны дамытуға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырып келген. Енді Гран-при сериясының қосылуы жас спортшыларға халықаралық федерацияның тәжірибесімен, жарыс өткізу стандарттарымен және ұйымдастыру жүйесімен жақынырақ танысуға жол ашады.
Жаңа турнирлердің тағы бір ерекшелігі – жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы қарастырылған. Бұл жас дзюдошылардың халықаралық аренадағы алғашқы қадамдарын қолдап, олардың спорттағы жетістіктерін ынталандырады. Ал халықаралық оқу-жаттығу жиындары оларға тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдауға қосымша мүмкіндік береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік