Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның Халық әртісі Майра Ільясова саяси доданың халық үшін маңыздылығы өте зор екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әнші Астана қаласының нөмір 319-шы сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Өз таңдауын жасаған Халық әртісі сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
“Бүгін халқымыз, еліміз-жеріміз үшін өте маңызды күн. Биылғы жыл ерекше. Өйткені, халықпен оның ішінде көзіқарақты көрерменмен кездескен сәтте байқағаным, халықтың ниеті дұрыс. Барлығы дауыс береміз деп жатыр. Соған қарағанда Әділетті Қазақстан, Жаңа Қазақстан үмітіміз зор. Сондықтан да қазақ елі біркісідей дауыс береді деп ойлаймын”, - деді ол.
Сондай-ақ, әнші Қазақстанның азаматшасы ретінде ерте тұрып дауыс бергенін тілге тиек етті.
“Әрине, өзімнің жүрегім қалаған халқына, еліне қызмет ететін және әділ болатын, шындықты бетке айтатын, өнерге көбірек көңіл бөлетін, соның ішінде көпбалалы аналарға, мүгедек жандардың мұң-мұқтажын айтатындарға дауысымды беремін”, - деді Халық әртісі Майра Ільясова.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары