Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыTikTok желісінде «композитор ағай» атымен танымал болған Арысбек Бағдаулет белгілі әнші Әділет Жауғашардың аманатына қиянат жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Композитордың айтуынша, Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Үйге қайтамын» әнінің идеясы тікелей өзіне тиесілі екен.
Өзім КамАЗ жүргізушісімін. Әншілермен аса жақын байланысым жоқ. Осы әннің идеясы ойыма келгенде Әділет Жауғашарға хабарласып, Төреғалиға тыңдатуын өтіндім. Бірақ ол аманатты орындамай, Рамазан Амантайға сөз жаздырып, әнді Мұхтар Ханзадаға беріп жіберді. Мұны естігенде төбемнен жай түскендей болды, — дейді композитор.
Арысбек Бағдаулет бұл жағдайдың шындығын халыққа айтуға бел буғанын жеткізді.
Өзім жұмыста үйді сағынып жүріп жүректен шығарған әнімді Әділет Жауғашар Төреғали Төреәліге тыңдатпай өзі сол идеямен басқа ән шығаруы жігіттікке жатпады. Аманатқа қиянат жасалды! Шындығы осы, — деп ашынды композитор.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсуде. Желі қолданушылары композитордың аманатына қиянат жасалды ма, жоқ па деген сұраққа әртүрлі пікір білдіруде. Ал Әділет Жауғашар тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды