Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысы болып Талғат Уәли тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талғат Қанатұлы Уәли 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисті болып бастаған.
2011 жылы «Qazaqstan» РТРК Семей филиалында жетекші редактор.
2012 жылы «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС (7 арна) жаңалықтар қызметінде журналист болған.
2015 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ жаңалықтар қызметінде журналист.
2016 жылдан бастап «Atameken Business Channel» телеарнасының Жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналисті болған.
Бұған дейін ол ҚР Төтенше жағдайлар мимнистрлігінің Ресми өкілі болып қызмет істеген.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?